jasqazaq.kz

Шу маңында аударылған пойыздан бір адам көз жұмды (видео)

17 маусым 2018, 16:05

ҚР ІІМ ТЖК ресми өкілі Руслан Иманқұлов Жамбыл облысындағы Шу станциясының маңында болған төтенше жағдайдан бір адамның қаза тапқанын растады, — деп жазады Tengrinews.kz. «Бір адамның қаза тапқанын және үш адамның зардап шеккені расталып отыр», — деп хабарлады ведомство өкілі.

«Нақтыланған мәлімет бойынша 8 вагон рельстен шығып кеткен, оның үшеуі аударылған», — деп хабарлады Иманқұлов. Оның айтуынша, жолаушылар осы бағыттағы пойыздармен Шу станциясына жеткізіліп жатыр. Куәгерлер оқиға орнынан суреттер мен видеолар жолдап жатыр.

Еске салайық, бүгін, 17 маусымда сағат шамамен 14.00-де Жамбыл облысындағы Отар мен Шу станцияларының арасында төтенше жағдай болған еді. Мұның алдында үш вагонның рельстен шығып кеткені хабарланған. Оқиға салдарынан зардап шеккендер бар, бірақ олар туралы мәлімет әзірше жоқ.

23 қараша, 15:48
Үнді дипломаты: Қазақстанның сыртқы саясаты сындарлы әрі теңгерімді ұстаныммен ерекшеленеді
23 қараша, 15:30
Серікбай Жәңгірбаев: Су ресурстарын ұтымды пайдалану – экологиялық қауіпсіздік негізі
23 қараша, 14:22
Есірткіге қарсы ымырасыз күрес тоқтамайды
20 қараша, 13:54
Шыңғыс Оразалимов: Alem.Cloud ұлттық суперкомпьютері жасанды интеллект пен үлкен деректерді талдау жобаларына қызмет етуде
18 қараша, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді