jasqazaq.kz

Шу қаласында әкесімен қоса, екі баласын өлтіріп кетті

16 тамыз 2018, 11:56

Жамбыл облысы Шу қаласының 48 жастағы тұрғыны жергілікті шаруа қожалығының 48 жастағы басшысы мен оның 16 және 17 жастағы балаларын өлтірді деген күдікпен қамауға алынды
Бұл туралы Stan.kz ақпараттық агенттігі Жамбыл облысы ІІД-нің баспасөз қызметіне сілтеме жасады.
Бұған дейін шаруа қожалығының басшысы мен оның қызының өліміне қатысы күдіктінің ұсталғандығы туралы хабарлаған болатын. Алайда, әкесі мен қызын өлтірген қаніпезер отбасының тағы бір мүшесін жер жастандырған болып шықты. Қайғылы оқиға Далақайнар кентінен 12 шақырым жердегі «Үш қызыл» учаскесіндегі таулы аймақта орналасқан шаруа қожалығында болды.
48 жастағы ер адамның денесі үйдің ауласынан, қыздың мәйіті бөлмелердің бірінен, ал ұлының денесі үйден 150 метр қашықтықта бұталардың арасынан табылды. Алдын ала болжам бойынша қылмысты 42 жастағы жұмысшы қандай да бір пайда көру үшін жасаған. Сонымен қатар күдікті ұсталған кезде одан мотоцикл, ноутбук, ұялы телефон және марқұмдың ақшасы тәркіленді. Бір отбасының үш адамын аяусыз өлтірген қылмыскер жасаған қылмысын мойындап, Шу аудандық полиция бөлімшесінің уақытша ұстау абақтысына жіберілді.

23 қараша, 15:48
Үнді дипломаты: Қазақстанның сыртқы саясаты сындарлы әрі теңгерімді ұстаныммен ерекшеленеді
23 қараша, 15:30
Серікбай Жәңгірбаев: Су ресурстарын ұтымды пайдалану – экологиялық қауіпсіздік негізі
23 қараша, 14:22
Есірткіге қарсы ымырасыз күрес тоқтамайды
20 қараша, 13:54
Шыңғыс Оразалимов: Alem.Cloud ұлттық суперкомпьютері жасанды интеллект пен үлкен деректерді талдау жобаларына қызмет етуде
18 қараша, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді