jasqazaq.kz

Шу ауданының тұрғынынан 4 қап марихуана табылды

17 қазан 2019, 10:05

Жамбыл облысы полиция департаментінің есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері Шу ауданы Жаңажол ауылының 40 жастағы тұрғынынан 56 келіден астам кептірілген марихуана тәркіледі. Бұл туралы ҚазАқпарат хабарлайды.

Күдікті «Көкнар-2019» жедел-алдын алу іс-шарасын өткізу кезінде Шу ауданы Бесқатын учаскесінің алдындағы аймақта қолға түскен. Есірткі өткізуші ашронды (есірткі сақтау орнын) қазу кезінде жалпы салмағы 56 келі 800 грамм болатын «кептірілген марихуана» есірткі заты бар төрт қап табылған. Бұл туралы облыстық полиция департаменті хабарлады. «Ұсталған азамат кінәсін мойындап, Шу қаласының уақытша ұстау изоляторына қамалды. Қазіргі уақытта ҚР ҚК 296-бабы 4-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде. Каннабистік топтағы есірткіні дайындаумен және шығарумен айналысатын адамдарды анықтауға және ұстауға бағытталған «Көкнар-2019« жедел алдын алу іс-шаралары құрамында есірткі бар өсімдіктердің жетілу кезеңінде жоғары белсенділікпен жүргізіледі»,-дейді облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің жетекшісі Гүлсара Мұхтарқұлова.

20 қараша, 13:54
Шыңғыс Оразалимов: Alem.Cloud ұлттық суперкомпьютері жасанды интеллект пен үлкен деректерді талдау жобаларына қызмет етуде
18 қараша, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда