jasqazaq.kz

Шри-Ланкада жарылыстан қаза тапқандардың саны 321-ге жетті

23 сәуiр 2019, 15:49

Шри-Ланкада жарылыстан қаза тапқандардың саны 321-ге, ал зардап шеккендердің саны 520-ға жетті. Бұл туралы байланыс құралдары және бұқаралық ақпарат министрі Руван Вийевардене мәлімдеді, — деп хабарлайды РИА Новости News 1st телеарнасына сілтеме жасап.

Мұның алдында жарылыстан 262 адамның қаза тауып, 452 адамның зардап шеккені хабарланған еді. Шри-Ланка билігі 40 күдіктіні ұстаған. «Қаза тапқандар саны 321-ге жетті және 521 адам зардап шекті», — делінген телеарнаның Twitter желісіндегі парақшасында. Cоңғы мәліметтерге қарағанда, қаза тапқандардың ішінде Дания, Жапония, Пәкістан, Марокко, Үндістан, Бангладеш, ҚХР, АҚШ, Түркия және Ұлыбритания елдерінің азаматтары бар. Сондай-ақ, жарылысқа қатысы бар деген күдікпен 13 адамның ұсталғаны айтылады. Еске салайық, кеше, жексенбіде Шри-Ланкада екі жарылыс болған еді. Кейінірек Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігі жарылыс салдарынан қаза тапқандар арасында қазақстандықтар жоқ екенін мәлімдеген болатын.

 

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде