
Күні кеше Алматы облысы әкімінің орынбасары Бағдат Мәнізоров өзінің үстінен қозғалған үш бірдей қылмыстық істің мән-жайымен бөлісіп, бұл әрекеттердің «тапсырыс» бойынша жасалғанын айтты. Осыған орай сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет басшысы Алик Шпекбаев аталған мәлімдемеге қатысты пікірін білдірді.
«Ешқандай тапсырыс болған жоқ – барлығы тексеріс жүргізу кезінде анықталды. Осымен бітті. Бас прокуратура жауабын берген соң, алдағы іс-әрекеттер жөнінде хабарлаймыз», – деді Шпекбаев журналистерге берген сұхбатында.
Бас прокуратураның шешімі бойынша тоқтатылған тергеудің мән-жайы әзірге айтылмай отыр.