jasqazaq.kz

Шотландиялық жанкүйерлер «Астананың» «Селтикті» 6:0 есебімен ұтатынына сенімді

22 тамыз 2017, 10:56

Шотландиялық жанкүйерлер Еуропа Чемпиондар лигасының іріктеу кезеңінде өнер көрсетіп жатқан «Астана» мен «Селтик» арасындағы матчта елордалық команданың мерейі үстем болатынына сенімді. Олар тіпті есеп 6:0 болады деп қомақты ақша да тіккендерін айтып отыр. Бұл туралы The Daily Record басылымы хабарлады.

Глазгоның «Селтигі» өз елінде «Рейнджерс» футбол клубымен бәсекелес екені белгілі. «Астананың» жеңісіне бәс тіккендер де осы клубтың жанкүйерлері. Егер олардың болжамдары шығып, елордалық клуб 6:0 есебімен жеңіп жатса, тіккен ақшалары 500 еселенеді.

Ал, ақшаны қабылдаған букмекерлік кеңсе қызметкерлері «Астана» мұндай есеппен жеңе алмаса да жүрек жұтып, бәс тіккен жанкүйерлерге сыйақы беретіндерін мәлімдеп отыр.

Еске салайық, осыдан бір апта бұрын Глазгода өткен алғашқы ойында «Селтик» «Астананы» 5:0 есебімен ұтқан болатын. Қарымта ойын бүгін 21:30-да «Астана-Аренада» өтеді.

sn.kz

Бүгін, 16:30
Шымкент: Жұмыспен қамту 99,1 пайызға жетті
Бүгін, 13:54
Олжас Сапарбеков: Экономиканың энергия сыйымдылығы 4,1 пайызға төмендеді
Бүгін, 12:42
Данияр Жанжұменов: Әскери бөлімдерде тәуелсіз әскери кеңесшілер институты құрылады
24 қараша, 15:55
АЭС - таза энергияның сенімді көзі
24 қараша, 15:31
Басты міндет – төтенше жағдайдың алдын алу
23 қараша, 15:48
Үнді дипломаты: Қазақстанның сыртқы саясаты сындарлы әрі теңгерімді ұстаныммен ерекшеленеді
23 қараша, 15:30
Серікбай Жәңгірбаев: Су ресурстарын ұтымды пайдалану – экологиялық қауіпсіздік негізі
23 қараша, 14:22
Есірткіге қарсы ымырасыз күрес тоқтамайды
20 қараша, 13:54
Шыңғыс Оразалимов: Alem.Cloud ұлттық суперкомпьютері жасанды интеллект пен үлкен деректерді талдау жобаларына қызмет етуде