jasqazaq.kz

Шошқа фермасындағы дау: Экология министрлігі шешім шығарды

09 желтоқсан 2020, 14:02

Ақтөбе облысы Алға ауданы Бестамақ ауылындағы шошқа фермасында болған дауға қатысты Экология министрлігі шешім шығарды. Ол кәсіпорынның жұмысы бойынша экологиялық заңнаманы өрескел бұзушылықтар анықталды, қылмыстық іс қозғалды. Бұл туралы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап Tengrinews.kz хабарлады.

«Ағынды суды тазартуға арналған жабдықтар жоқ, өзеннің қатты ластануы байқалады. Ағызу Байбақты өзенінің арнасына тазартусыз жүзеге асырылған. Топырақ сынамаларының химиялық талдауы 26 мыңнан аса шаршы метр алаңда ластаушы заттардың концентрациясының артуын көрсетті. Сонымен қатар, 40 мың бас шошқаға арналған мал шаруашылығы кешенінде 51 мыңнан астам бас болған», — делінген хабарламада.

Департамент анықталған экологиялық заңнаманы бұзғаны үшін кәсіпорынға қатысты 11 әкімшілік іс қозғады. Сондай-ақ, сұратылған мәліметтерді беруге кедергі келтіргені үшін 3 әкімшілік хаттама толтырылды.

Аталған факт бойынша қылмыстық іс қозғалды. Қазіргі уақытта, кәсіпорынның қоршаған ортаға келтірген залалдарының сомасы есептеліп жатыр.

Еске салайық, 19 қарашада Бестамақ ауылының 80-нен астам тұрғыны шошқа фермасын жабуды талап етіп, наразылыққа шыққан болатын. Таралған видеоға қарағанда, тұрғындардың кәсіпорынды жабуды талап еткенін аңғаруға болады. Олардың айтуынша, шошқа қалдығы өзен суына ағып жатыр. Тағы бір видеодан жол талғамайтын көлік наразы топтан қашып, қақпаны қиратып өткенін көруге болады.

Содан кейін Бестамаққа әкімдігінің экологтары, санэпидбақылау қызметкерлері шықты. Комиссия құрылып, оған ауыл тұрғындары да кірді, тексеру басталды.

18 қараша, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда
13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия