jasqazaq.kz

Шошқа фермасы 13 гектар жерді ластаған (видео)

03 желтоқсан 2020, 23:14

Ақтөбе облысы Бестамақ ауылындағы шошқа фермасына қатысты қылмыстық іс қозғалды. Бұған арнайы комиссияның шешімі түрткі болған. Оның қоршаған ортаны әсіресе ауыл маңындағы жер мен суға келтірген зардабы анықталған. Қазір тергеу басталды. Бұл туралы Астана телеарнасы хабарлады.

Тексеру барысында шошқа фермасында санитарлық, ветеринарлық, экологиялық талаптардың өрескел бұзылғандығы анықталған. Ауылдағы бір ғана шұңқырға 189 тонна қалдық көмілгені белгілі болды. Ол маңда осындай сегіз полигон бар. Комиссия қорытындысы бойынша шошқа фермасы 13 гектардан астам аумаққа қалдық көміп, ластаған. Қазіргі күні қоршаған ортаға келтірілген залалдың көлемі 42 миллион теңгені құрап отыр.

Нұржауған ҚАЛАУОВ, АҚТӨБЕ ОБЛЫСЫ ӘКІМІНІҢ БІРІНШІ ОРЫНБАСАРЫ:

Қызмет бағытын өзгерту немесе жабу мәселесі бойынша кәсіпорын басшысы уақыт сұрады. Сол уақыт аралығында ол әкімшілікке қызметін әрі қарай бағытын өзгерту немесе басқа жаққа көшіру бойынша негізгі іс-шаралар жоспарын ұсыну қажет.

Еске сала кетсек, осыдан он күн бұрын Алға ауданы Бестамақ ауылы тұрғындары шошқа фермасын жабуды талап етті. Олар он жылдан бері зиян көріп отырғандарын айтқан еді.

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде