
Алматыдағы дүкендердің бірінде сатылып тұрған қораптағы кәуап жұрттың ашуына тиді. Instagram желісінде жарияланған видеодан «таңдаулы шошқа еті мен хош иісті дәмдеуіштер» деген жазуы бар кәуап қорабында «халал» белгісін байқауға болады. Бұл туралы NUR.KZ хабарлайды.
Видеоны түсірген автор ешқандай да фотошоппен өңделмегенін растау мақсатында видеоны түсіргенін жеткізеді.
Оның сөзінше, бұл жағдай Алматы-Сауран көшелерінің қиылысындағы дүкендердің бірінде орын алған.
Видеоны көрген желі қолданушылары шошып кетті.
«Халал» сөзі тек әншейін бренд сияқты боп кетті ғой», «Барлығын халал деп шығаратын болған, жуырда таксилердің де «халалы» пайда болатын шығар», «Бұл өнімді шығарғандар, Алла жазалрыңызды берсін! Тәубеге келіңіздер!», «Ақыр заман деген осы шығар. Құдайдан қорықпай ма?», «Шошқа еті қалайша халал болады?», — деп ашуға булықты желідегілер.