jasqazaq.kz

Шорнақ ауылындағы жағдай тұрақталды

23 шiлде 2020, 18:12

Түркістан облысының Кентау қаласына қарасты Шорнақ ауылындағы жағдай тұрақталды. Бұл туралы облыстық Полиция департаменті ресми мәлімет таратты. Бұл туралы  ҚазАқпарат хабарлады.

Бұған дейін әлеуметтік желіде бір топ азамат өздерінің наразылығын білдірген бейнежазба таралған болатын. Аталған оқиға Кентау қаласына қарасты Шорнақ ауылында болған тұрмыстық жанжалды жергілікті полиция қызметкерлері тоқтатқан еді.

Облыстық ПД баспасөз қызметінің мәліметінше, оқиға орнына бірінші болып келген Кентау қалалық ПБ-нің учаскелік полиция инспекторы жанжалды тоқтату әрекет жасаған. Полиция қызметкері алған жарақатына және азаматтардың қарсылығына қарамастан өз міндетін атқарып, күш пен атыс қаруын қолдануға жол бермеген.

Учаскелік полиция инспекторы мен үш ауыл тұрғыны лақтырылған тастан жарақат алған. Оларға медициналық көмек көрсетілген. Ал, келесі күні Шорнақ ауылына жиналғандар жақын маңдағы ауыл тұрғындарын заңға қайшы әрекеттер жасауға шақырған. Аталған жайтты полиция қызметкерлері бірден тоқтатты. Ауыл тұрғындарымен облыстың қоғамдық және әкімдік өкілдері кездесті.

«Жүргізілген іздестіру іс-шаралары барысында криминалдық полиция қызметкерлері 4 азаматты анықтап, ұстады. Оның 2-еуі соттың шешімімен қамауға алынды. Қазіргі уақытта орын алған оқиғаның толық мән-жайы анықталуда. Бұзақылық фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде» делінген хабарламада.

18 қараша, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда
13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия