jasqazaq.kz

Шөппен жазылған кітап (Фото)

02 наурыз 2018, 14:05

Ә.Тәжібаев атындағы Қызылорда облыстық кітапханасының негізгі қорларды сақтау бөлімінде хижра есебімен 1293 жылы басылып шығып, аяттары шөппен жазылған «Құран кәрім» кітабының түпнұсқасы сақтаулы тұр.

Бұл дүние — рухани ордадағы ең ескі құнды жазбалардың бірегейі. Сырты арнайы иленген қоңыр түсті мал терісімен қапталған. ҚазАқпарат хабарғандай, Құран аяттары шөппен жазылғандықтан, оның жазулары әлі күнге дейін көмескі тарта қоймаған екен.

Кітапхананың негізгі қорларды сақтау бөлімінің басшысы Гүлдерайым Қосназарова «Ел арасында бабадан қалған мұраларды шүберекке түйіп, сандық түбінде сақтап отырған кісілер баршылық. Біз қор енді ашылған уақытта арнайы экспедициямен облыстың ауыл-аймақтарын түгел аралап, жеке тұлғаларда сақтаулы дүниелерді жинақтадық. Дегенмен, уақыт өткен сайын қолжазбаны қалпын бұзбау талаптары қиындай түседі. Сондықтан мұндай құндылығы жоғары мұраларды тиісті мекемелерге сақтауға берген дұрыс. Болмаса, қолжазбалардың бүлінуі, оқылуы күрделеніп кетуі әбден мүмкін», — дейді

30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде
22 шiлде, 19:06
Алматы: Өндірістік ауданда тұрғындар үшін жайлы орта қалыптасып келеді
22 шiлде, 15:09
Қазақстан – Еуроодақ: Экономикалық дипломатияға басымдық