jasqazaq.kz

Шопан қожайынының 1000 мың қойын сатып жіберген

31 тамыз 2020, 15:45

Түркістан облысында шопан қожайынның мың бас қойын сатып жіберген, деп хабарлайды облыстық ПД баспасөз қызметі.

Отырар аудандық ПБ кезекші бөліміне жергілікті тұрғын хабарласып, оның мың бас қойының жоғалғаны туралы арызданған. Жәбірленушінің айтуынша бұл қылмысқа, малдарының жоғалуына малын сеніп тапсырған, яғни баққан қойшының қатысы болуы мүмкін. Жәбірленушіге келтірілген шығынның жалпы көлемі 53 миллион теңгеден асты. Отырар АПБ-нің полицейлері жедел-іздестіру іс-шаралары барысында күдіктінің ізіне түсіп, оны Нұр-Сұлтан қаласында ұстады. Жедел уәкілдер жасырынған шопанды полиция бөліміне жеткізді. Ол өз әрекетін толық мойындады. Тергеу барысында күдікті екі жыл ішінде жәбірленушінің 1060 қойын бөліп сатқаны, ал ақшасын өз қажеттіліктеріне жұмсағаны анықталды. Бүгінде тәртіп сақшылары ұрланған 30-ға жуық қойды заңды иесіне қайтарды. Аталған жайт ҚР ҚК-нің 189-бабы «Сеніп тапсырылған бөтеннің мүлкін иемдену немесе ысырап ету» бойынша тіркеліп, сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Күдікті қамауда. Қазіргі уақытта оқиғаның барлық мән-жайлары анықталуда.

ҚазАқпарат

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде