jasqazaq.kz

Шонжыдағы сауықтыру орталығының не себепті құлағаны белгілі болды

12 қазан 2020, 13:32

Қазақ құрылыс және сәулет ғылыми-зерттеу және жобалау институтының мамандары Шонжыдағы дене шынықтыру және сауықтыру орталығының қирауының алдын ала себебін жариялады.

Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитетінің тапсырмасымен оқиға орнына Қазақ құрылыс және сәулет ғылыми-зерттеу және жобалау институтының мамандары іссапармен жіберілген болатын.

Мамандар Ұйғыр ауданының Шонжы ауылындағы құлаған дене шынықтыру-сауықтыру кешенін жедел тексеруді аяқтады.

Оның нәтижесі бойынша апат «9» және «10» осьтері бойынша фермаларда басталғаны анықталды. Цемент-құм құйындысы белгіленген жобалық мөлшерінен асып кеткен. Сондай-ақ, жартылай фермалардың жоғарғы және төменгі белдіктерінің қосылыстарының монтаждық түйіндері әр түрлі көлемдегі алты бұрандамамен бекітілген. Бұл да жобадан ауытқу болып саналады.

Тік жүктеме кезінде фермалардың монтаждық түйіндері тарала бастады, бұл бір бұрандаманың бұзылуына және көлденең жүктемелердің фермалардан бағандарға берілуіне және 3-блок конструкцияларының біртіндеп құлауына әкелген.

Осылайша, 3-блоктағы апаттың себептерінің бірі — бекітілген жобалау шешімдерінен ауытқуы деп айтуға болады.

Комитет Алматы облысының әкімдігіне ҚР қолданыстағы заңнамасының бұзылуына жол берген тұлғаларды (мердігер, техникалық және авторлық қадағалау) жауапкершілікке тарту туралы хат жолдады.

Сонымен қатар, жобалау құжаттамасында бағандармен қосылу түйіндері келтірілмеген және фермалардың тірек тағандарының құрылымы сипатталмаған. 2-блокқа жанасатын жерде 3-блок жабынының деңгейінде деформациялық жіктерді орнату бойынша шешім шығарылмаған. Осыған байланысты жобалық қателер айқындалды.

Апаттың себептері туралы түпкілікті тұжырымдар блоктың тірек конструкцияларының элементтерінен іріктеп алынған үлгілерді есептеу және зертханалық сынау нәтижелері негізінде жасалады.

ҚазАқпарат

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде