jasqazaq.kz

Шөлмекті моншаға айналдырды

01 қантар 2019, 22:46

Қызылорда облысы Қармақшы ауданына қарасты Тұрмағанбет ауылының тұрғыны Зәріп Мысабеков босаған шөлмекті өз қажетіне жаратып, монша салып алды.

Оның бұл ісі жерлестерін таңғалдырып отыр. Шебер моншаны салуға 7 мыңнан астам шөлмек жұмсаған екен. Олардың барлығын ерінбей-жалықпай бірнеше жыл бойы жинаған. Соның нәтижесінде алыстан менмұндалап тұратын нысанды жасап шықты.

«Бұл идея 35 жыл бұрын әскери борышын Беларусь елінде өтеп жүрген кезімде келді. Онда жергілікті тұрғынның үйінің айналасы шыны бөтелкеден жасалған қоршаумен қоршалғанын байқадым. Осыдан шыны бөтелкесінен монша салу идеясы туындады. Оны елге оралғаннан кейін жүзеге асырдым», — дейді Зәріп Мысабеков. Алыстан қараған адам моншаны шөлмектен қалаған деп мүлдем ойламайды. Дегенмен, жақын келгенде оның өте ықтиятты түрде жасалғанына көзіңді анық жеткізуге болады. Шебердің айтуынша, мұндай моншаның бір ерекшелігі — төбесінің мүлдем буланбайтыны. Сонымен қатар, жылу да жақсы сақталады. Зәріп Мысабеков енді тағы да шөлмек жинап, ауылдан дүкен ашып алғысы келеді.

Дереккөз: ҚазАқпарат 

Бүгін, 14:22
Есірткіге қарсы ымырасыз күрес тоқтамайды
20 қараша, 13:54
Шыңғыс Оразалимов: Alem.Cloud ұлттық суперкомпьютері жасанды интеллект пен үлкен деректерді талдау жобаларына қызмет етуде
18 қараша, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер