jasqazaq.kz

Шөкеев екі облысқа қауіп төніп тұрғанын айтты

06 қараша 2020, 12:00

Шардара су қоймасының мәселесі шешілмесе, Түркістан мен Қызылорда облыстарында 260 мыңнан астам тұрғыны бар елді мекендерді су басуы мүмкін. Бұл туралы Түркістан облысының әкімі Өмірзақ Шөкеев мәлімдеді.

Облыс әкімі үкімет назарын Шардара су қоймасының проблемасына аударды.

Айтуынша, Түркістан облысындағы Шардара су қоймасының сыйымдылығы – 5 миллиард 200 миллион текше метр. Су қоймасы Арнасай су торабын қоса есептегенде, секундына 2 570 текше метр су тастай алады.

«Бірақ 1969 жылы өтімі секундына 4210 текше метр су келіп, апатты жағдай болған. Міне, қазір елу жылдан асты. Мұндай апаттар елу жылдың көлемінде болып тұрады. Сондықтан осындай жағдай қайталанса, Шардара, Отырар аудандары, Арыс қаласының Сырдария өзенінің сол жағалауындағы елді мекендері, яғни Түркістан облысында тұратын 60 мыңнан астам тұрғыны бар және Қызылорда облысында 200 мыңнан аса адам тұратын елді мекендерді су басып қалу қаупі бар», — деді Шөкеев сенаттағы үкімет сағатында.

Айтуынша, бұл мәселе 5-6 жыл бойы көтеріліп келеді, бірақ әлі шешімін таппаған.

«Министрлік, үкімет осыған назар аударса дейміз. Сондықтан шұғыл түрде Шардара ауданында Шардара су қоймасының оң жақ жағалауынан өтімі секундына 1500 текше метр болатын апатты су қашыртқы салу өте қажет. Бұл кезек күттірмейтін мәселе екі облыстың әлеуметтік-экономикалық жағдайының нашарлауына алып келуі мүмкін», — деді облыс басшысы.

Ол техникалық-экономикалық негіздеме дайын екенін атап өтті.

Sputnik

18 қараша, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда
13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия