jasqazaq.kz

ШҚО жезөкшелікпен айналысқан притон анықталды (Видео)

29 қараша 2021, 12:09

ШҚО полицейлері жезөкшелікпен айналысуға арналған притонға тосқауыл қойды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Облыс аумағында ағымдағы жылдың 22 қарашасынан бастап жеңгетайлық пен притон ұйымдастыру фактілерінің жолын кесуге, жезөкшелікпен айналысатын адамдарды анықтауға және оларды орталықтандырылған есепке қоюға бағытталған “Stop-трафик” жедел-алдын алу іс-шарасы өткізілуде.

Тәртіп сақшылары пәтерлерді жалға беретін ойын-сауық орындарын, монша кешендерін, сауналарды, қонақ үйлерді тексеруде. Жедел алдын алу шарасы басталғаннан бері Өскемен және Семей қалаларындағы монша кешендері әкімшілерінің жезөкшелікпен айналысуға арналған притондар ұстаудың үш фактісі анықталды, олар бойынша қазіргі уақытта ҚР ҚК-нің 309-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде, кінәлі адамдар өз кінәларын мойындады, олар бес жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін.

Рейдтік іс-шаралар барысында ҚР ӘҚБтК-нің 449-бабының 1-бөлігі (Қоғамдық орындарда тиісу) 26 фактісі және ҚР ӘҚБтК-нің 450-бабы (Жезөкшелікпен айналысу немесе жеңгетайлық үшін үй-жайлар беру) бойынша екі фактісі анықталды, олардың барлығы бойынша әкімшілік жауапкершілік көзделген.

Профилактикалық есепке жеті адам қойылды.

Жедел алдын алу шарасы 2021 жылдың 1 желтоқсанына дейін жалғасады.

30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде
22 шiлде, 19:06
Алматы: Өндірістік ауданда тұрғындар үшін жайлы орта қалыптасып келеді
22 шiлде, 15:09
Қазақстан – Еуроодақ: Экономикалық дипломатияға басымдық