`
Шығыс Қазақстан облысында толассыз жауған жаңбыр Жаңауыл тұрғындарын әуре-сарсаңға түсірді. Елдімекендегі 20 баспана су астында қалған.
-Үйлердің бәрін бір-ақ алды. Мына су үйдің ішіне дейін кіріп тұр.
Жиналған нөсер суының тереңдігі 20 сантиметрге жетіпті. Баспаналар мен қора-қопсыларды түгелдей көлкіген су басқан. Тіпті саман тастан тұрғызылған кейбір нысандардың қабырғасы дым тартып шыдас бермеді. Ал абдырап қалған ауыл тұрғындары жақындарын жағалап кетуге мәжбүр болған. Қазір елдімекеннен сегіз мың текше метр су тазартылды. Арнайы комиссия құрылып, табиғат апатынан келген шығын есептелуде.
ktk.kz