jasqazaq.kz

ШҚО университеті дрондар құрастырмақшы

13 наурыз 2018, 15:36

Шығыс Қазақстан облысының Д.Серікбаев атындағы мемлекеттік техникалық университеті «Роботталған пилотсыз жүйелер» оқу бағдарламасын жүзеге асырмақ.

Аталмыш университет заманауи индустрия талаптарына сай жеті оқыту бағдарламасын қолға алып отыр. «Роботталған пилотсыз жүйелер» бағдарламасы — соның біреуі ғана. Бағдарлама жетекшісі Дмитрий Титов осы жоба аясында Венгрияның Обуда университетімен, Ресейдің Новосібір мемлекеттік техникалық университетімен байланыс орнатқандарын айтады. «Бағдарлама пилотсыз техниканы өндіру және пайдалану, әзірлеу бойынша құзыреттерді алуға бағдарланған. Оқыту процесі жүйелік инжинирингтен бастап автоматты басқарудың алгоритмдерін жазуға дейінгі кезеңдерін қамтиды» — дейді ол. ҚазАқпарат хабарлағандай, алталмыш бағдарлама бойынша білім алған түлектер өңірдегі геологиялық компанияларға жұмысқа орналасады деп күтілуде. Бүгінде геологиялық барлау, топографиялау, аумақтың сандық моделін алу, мұнай-газ кеніштері мен құрылыс алаңдарына мониторинг жүргізу, техногенді және табиғи апат қатерлерін бақылау жұмыстарына дрондар кеңінен қолданылуда. Бағдарлама шәкірттері осы дрондарды әр салаға қарай бағдарламалау ісімен шұғылданатын болады. Бұл салаға маманданатын магистрлер «Қазцинк» ЖШС мен Төтенше жағдайлар комитетінің тапсырысы бойынша оқытылатын болады. Дәл осындай екіжақты келісімшарт аясында «Нақты жер өңдеу», «Медициналық техника», «Аддитивті технологиялар», «Жерді зерттеудің сандық әдістері», «Толықтырылған виртуалды шындық», «Өмірді қамтамасыз етудің зияткерлік жүйесін басқару» сияқты жаңа технолгияларға негізделген мамандықтар бойынша білім беру қолға алынбақ. Бұл жеті бағдарлама да Білім және ғылым министрлігінің мақұлдауында жатыр. Сонымен бірге университет қабырғасында оқытуға қажет материалдық-техникалық база дайындалуда. Айта кетейік, аталмыш университет ғалымдары жергілікті зауыттармен бірлесіп тантал мен титаннан импланттар әзірлеу жобасын іске асыруда.

Бүгін, 15:55
АЭС - таза энергияның сенімді көзі
Бүгін, 15:31
Басты міндет – төтенше жағдайдың алдын алу
23 қараша, 15:48
Үнді дипломаты: Қазақстанның сыртқы саясаты сындарлы әрі теңгерімді ұстаныммен ерекшеленеді
23 қараша, 15:30
Серікбай Жәңгірбаев: Су ресурстарын ұтымды пайдалану – экологиялық қауіпсіздік негізі
23 қараша, 14:22
Есірткіге қарсы ымырасыз күрес тоқтамайды
20 қараша, 13:54
Шыңғыс Оразалимов: Alem.Cloud ұлттық суперкомпьютері жасанды интеллект пен үлкен деректерді талдау жобаларына қызмет етуде
18 қараша, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды