jasqazaq.kz

ШҚО тұрғынының үйінен қару-жарақ арсеналы табылды

29 қараша 2021, 12:58

 

Шығыс Қазақстан облысында полицейлер жеке тұрғын үйді тінту барысында қару-жарақ арсеналын тапты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

ШҚО Полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, тәртіп сақшылары Ұлан ауданы тұрғынының үйінде санкцияланған тінту жүргізген. Соның барысында заңсыз сақталған атыс қаруының бірнеше түрі мен оқ-дәрілер табылған.

«Барлығы 4 мылтық тәркіленді. Нақты айтқанда, калибрі 5,6 мм «ТОЗ» маркалы бір ойық мылтық және 16 калибрлі тегіс ұңғылы үш мылтық. Аталған факті бойынша 54 жастағы күдіктіге қатысты ҚР ҚК-нің 287-бабы 3-бөлігіне сәйкес сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде», — деді облыстық ПД бастығының орынбасары Талғат Шаяхметов.

Ер адам 5 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айырылуы мүмкін. Қазіргі уақытта тәртіп сақшылары күдіктінің бұл қаруларды қандай мақсатта сақтағанын анықтап жатыр.

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде