jasqazaq.kz

ШҚО шахтасында екі адам қаза болды

17 маусым 2020, 12:13

Шығыс Қазақстан облысында екі кенші қаза болып, тағы бірі зардап шекті.

Оқиға 16 маусым күні сағат 22:00 шамасында KAZ Minerals Тобы «Шығыстүстімет» ЖШС-ға қарасты Орлов өндірістік кешенінің шахтасында жарылыс жұмыстарын жүргізу кезінде болды. Салдарынан екі жұмысшы қаза болды, зардап шеккен тағы бір адам Бородулиха аудандық ауруханасына жеткізілді.

«Оқиғаның мән-жайы мен себептері анықталуда. Тергеу жүргізу үшін арнайы комиссия құрылды. KAZ Minerals Тобының басшылығы мен ұжымы қаза тапқандардың туған-туыстары мен жақындарына қайғыра көңіл айтады. Зардап шеккендердің отбасыларына қажетті көмек көрсетілетін болады», — деп хабарлады компанияның баспасөз қызметі.

ҚазАқпарат

21 қазан, 16:13
Руслан Айтанов: Экологиялық ахуалды жақсарту – басты басымдық
17 қазан, 15:29
Shymbulaqta Shyrshaly экологиялық жобасы аясында 560 түп Тянь-Шань шыршасы егілді
16 қазан, 21:11
Көкжайлау: Алматыдағы экологиялық туризмнің экономикалық әлеуеті
13 қазан, 12:25
Айдана Қасен: Қалдықтарды сұрыптау – экологиялық мәдениеттің маңызды бөлігі
12 қазан, 13:04
Әуесбек Опабек: Шымкентте экология мен жайлы ортаға басымдық берілуде
09 қазан, 13:42
Шымкентте жасанды интеллект полиция жұмысының тиімділігін арттыруға бағытталуда
07 қазан, 15:02
Ұстанымы ұқсас Оман
06 қазан, 15:09
122 года спустя: Память, наследие и школа Мухамеджана Фаризова
05 қазан, 14:25
Бағдат Байболов: Су жүйесін жаңғырту – тұрғындарды сапалы әрі үздіксіз сумен қамтамасыз етудің негізгі тетігі