jasqazaq.kz

ШҚО-ның Зайсан ауданында малдың жаппай қырылуы тіркелді

13 мамыр 2021, 18:00

28 сәуір мен 12 мамыр аралығында Зайсан ауданының Шілікті ауылдық округінде малдар жаппай қырылған. Мал иелерінің айтуынша, 12 бас ірі қара мал және 100 бас ұсақ мал (10 күндік қозы) өлген. Мамандар оқиғаның себебін анықтауда, деп хабарлайды zakon.kz.

Бұл туралы тікелей эфир барысында ветеринария басқармасы басшысының орынбасары Ертай Батхолдин мәлімдеді. Оның айтуынша Шілікті ауылдық округінде 17 азаматтан 100-ге жуық ірі қара, 110 бас қой мен ешкі дертке шалдыққан. Қазіргі уақытта Шілікті ауылдық округінің аумағында ветеринариялық дәрігерлер халықпен бірлесіп, ауру малдарды емдеу жұмыстарын жүргізуде.

Округ аумағын тексеру барысында 12 бас ірі қара малдың, оның ішінде 7 бас бұзау, 5 бас ірі қара, 1 бас қозының өлексесі анықталды. Мамандар 1 қозы мен 1 бұзаудың патологиялық материалдарын тексеруге алды.

— Аталған ауылдық округтегі барлық мал басы қыс мезгілінен көтерем шыққан. 25-28 сәуір аралығында ауа температурасының төмендеп, қар аралас жауын жауды. Осыған байланысты әлсіреген малдар қолайсыз ауарайы салдарынан өліп жатыр. Ауырған малдардан патологиялық сынамалар алынып, облыстық зертханаға тапсырылды, — деді ШҚО ветеринария басқармасы басшысының орынбасары Ертай Батхолдин.
Ведомствоның мәліметінше, Шілікті ауылдық округінде барлығы 10 жарым мың бас ірі қара, 24 мыңнан астам ұсақ мал, 52 мың жылқы, 150 ит, 2343 құс, 52 мысық тіркелген. Мал жыл бойы жайылымда ұсталады.

2021 жылғы ветеринариялық-профилактикалық іс-шаралар толық көлемде орындалды. Атап айтқанда, нодулярлық дерматитке, эмкарға, құтыру, сібір жарасы, жұқпалы жылқы ауруларына қарсы уақтылы екпе салу жұмыстары жүргізілді. Шілікті ауылдық округінде соңғы 3 жылда мал шаруашылығы бойынша қауіпті індет тіркелмеген.

Бүгін, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда
13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия