jasqazaq.kz

ШҚО: Көкталда пастереллезден мал жаппай қырылған

13 мамыр 2020, 21:34

Шығыс Қазақстан облысындағы Көктал ауылында малдың пастереллез дертінен жаппай қырылғаны анықталды. Қазір ауру шыққан ауылда карантин жарияланып, мал етін өткізуге шектеу қойылып, пастереллезге қарсы шаралар жүргізілуде. Бұл туралы КТК телеарнасы хабарлады.

Айгүл Базарова, ШҚО әкімдігінің баспасөз хатшысы:

— Ауылда мал толық егілді. Вакцинация жүргізілді. Аулаларға дизенфекция жасалды. Жағдай бақылауда екенін тағы да қайталап айтамын. Бұл карантин айдың соңына дейін созылуы мүмкін. Тағы бір мәрте толық тексерістен кейін карантин алынуы ықтимал.

Пастереллез індетінен арам қатқан сиыр саны – 309. Сараптама қорытындысы шыққанша, мал дәрігерлері мен тұрғындар ірі қараның қандай індетке душар болғанын таппай сандалған. Ал кесел бір-біріне жылдам жұққандықтан, ауыл айналасы айналдырған екі аптаның ішінде өлексеге толған. Кесел кесірінен тұрғындар мен ауылдағы төрт шаруа қожалығы шығынға ұшырады. Дегенмен жергілікті билік жұртқа өлген малдың басын толық өтеп беріпті. Ол үшін облыстық қордан 39 миллион теңге бөлінген. Комиссия үлкен сиырды 260 мың теңге, бір жасар малды 150 мың теңгеге және бұзауды 50 мың теңгеге бағалады.

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде