jasqazaq.kz

ШҚО: Қоқыс полигонындағы өрт өршіп барады (Видео)

27 сәуiр 2021, 11:03

Өскемен қаласында өрт сөндірушілер қоқыс полигонындағы өртпен кешеден бері арпалысуда.

ШҚО Төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, өрт сөндірушілер мен жергілікті атқарушы органдардың өкілдері қоқыс полигонындағы өртті сөндіре алмай жатыр. «Өрт 26 сәуірде сағат 12.00 шамасында басталған. Қазіргі уақытта тілсіз жаудың жалпы аумағы 800 шаршы метрге дейін жеткен. Құтқарушылар арнайы техникалармен сол жерде тәулік бойы жұмыс істеуде. Оқиға орнына барлығы 30 адам мен 9 техника жұмылдырылған», — деп хабарлады ведомство өкілдері. Төбе боп үйілген қоқыс пен жел жаңадан өрт ошақтарын тудырып, сөндіруді қиындатуда. Алдын ала мәлімет бойынша жалынның шығуына – қасақана өрт қою немесе отты абайсыз пайдалану себеп болуы мүмкін.

ҚазАқпарат

Бүгін, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда
13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия