jasqazaq.kz

ШҚО экологтары руда тиелген вагондар құлаған өзен суына зерттеу жүргізді

06 сәуiр 2022, 17:49

Шығыс Қазақстан облысының экологтары руда мен шлаг тиелген бірнеше вагон құлап кеткен өзен суынан сынама алды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

3 сәуір күні сағат 12.04-те Өскемен-Күмістау теміржол учаскесінде жүк пойызының 18 вагоны рельстен шығып кеткен. Оның алтауы Ертіс өзеніне құлады.

Бес вагонда шлак, біреуінде руда тиелген. Аталған факті бойынша ШҚО Экология департаментінің мамандары оқиға орнына барып, Ертіс өзенінің жоғары және төменгі ағысынан су сынамаларын алды.

«Зерттеу нәтижелеріне сәйкес, сынамада мырыштың рұқсат етілген шекті концентрациясының 1,3 есе артқаны анықталды. Өзеннің төменгі ағысынан алынған сынамада мыс концентрациясының 1,5 есе, жоғары ағысында 1,3 есе өскені байқалып отыр. Енді апта сайын Ертіс өзенінің суына мониторинг жүргізілетін болады», — деп хабарлады департаменттің баспасөз қызметі.

ШҚО бойынша көлік прокуратурасының талабы бойынша «ҚТЖ – Жүк тасымалы» АҚ-ның Семей бөлімшесіне қатысты жоспардан тыс экологиялық тексеру тағайындалды.

Соның нәтижелері бойынша апаттың салдарын жою жөніндегі іс-шаралар белгіленеді.

Бүгін, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
Бүгін, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
Бүгін, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда
13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия
13 қараша, 15:06
Шымкентте жол-көлік инфрақұрылымын дамыту қарқынды жүріп жатыр