jasqazaq.kz

ШҚО-дан келген ұры алматылықтардың үйлерін тонап жүрген

03 тамыз 2022, 14:22

ШҚО-дан келген ұры алматылықтардың үйлерін тонап жүрген, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Қылмыстық топты ұстау іс-шарасын криминалдық полиция қызметкерлері мен Алатау аудандық ПБ-ның жедел уәкілдері жүргізген. Қазіргі уақытта тергеушілер қылмыстың басты қатысушы – С.есімді азаматтың үш пәтер ұрлығына қатысы барын дәлелдеді.

– Қаскөй стандартты тізбек бойынша әрекет етті. Үйдің қожайындары бар-жоғын тексерген соң, тұрғын үйге кірген. Білдірмей алып кетуге болатын нәрсенің бәрін алды – бұл алтын бұйымдар, қолма-қол ақша және тұрмыстық заттар. Үйлердің бірінен ұрланған геодезиялық құрал – невелир жасалған ұрлықтың біріне заттай айғақ болды. ҚР ҚК-нің 188-бабы 3-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде, – деді Алматы қалалық ПД Криминалдық полиция басқармасының бастығы Қуатбек Науатов. Айтпақшы, күдікті – 29 жастағы С.есімді азамат ШҚО-дан келген, бұрын да осыған ұқсас қылмыс жасағаны үшін сотталған, ал оның сыбайласы – 33 жастағы И.есімді азамат Түркістан облысының тумасы, ұрланған мүлікті сатып алып жүрген. Аталған қылмыстық істер бойынша тергеу жалғасуда. Қылмыстық дуэттің екі мүшесінің де бұрын жасалған осыған ұқсас қылмыстарға қатысы бар-жоғы тексерілетін болады.

==

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде