jasqazaq.kz

ШҚО-дағы өртке қатысты бір адам ұсталды

11 мамыр 2021, 12:12

Полиция Риддердегі өртке қатысты күдіктіні ұстады.

ШҚО Полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, кеше Риддер орман шаруашылығында шыққан тілсіз жаумен күресуге 300-ден астам полицей жұмылдырылған. «ҚР Ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаевтың бұйрығы бойынша өңірдің тәртіп сақшылары оқиға орнында тәулік бойы кезекшілік ұйымдастырып, халыққа көмек көрсетіп жатыр. Құтқарушылармен бірге қызыл жалынды ауыздықтауға кірісіп, Лесхоз кентінің тұрғындарын эвакуациялауда», — делінген хабарламада. Риддер қалалық Полиция бөлімінің жеке құрамы түгелдей күшейтілген жұмыс режиміне көшкен. Сондай-ақ өрт ошақтарында 40-қа жуық арнайы техника жұмыс істеуде. «Қазіргі уақытта аталған өрт фактісі бойынша күдікті ұсталды. Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 204-бабы 2-бөлігіне сәйкес тергеу амалдары жүргізілуде», — делінген ақпаратта.

 

ҚазАқпарат

Бүгін, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда
13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия