jasqazaq.kz

ШҚО-да жоғалған 5 жасар бала табылды

17 сәуiр 2021, 13:37

 

Шығыс Қазақстан облысының полицейлері жоғалған 5 жасар баланы тауып, ата-анасына қайтарды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

ШҚО Полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, 16 сәуір күні сағат 16:30 шамасында Глубокое аудандық полиция бөліміне хабарласқан әйел баласының жоғалғанын айтып, көмек сұраған. Өз сөзінде ол сағат 14:30-дан бері 5 жасар ұлының қайда екенін білмейтінін айтты. «Полиция қызметкерлері дереу жоғалған баланы іздеуге кірісті. Бұл ретте іздеуге департаменттің жедел уәкілдері мен қызметтік иттер де жұмылдырылған. Бала ойнап жүрген аумақтағы тұрғын үйлер жіті тексерілді. Елді мекендегі қараусыз қалған ғимараттар да мұқият қаралды», — делінген хабарламада. Нәтижесінде екі сағат ішінде бала табылды. Абырой болғанда, оның денсаулығына ешқандай зақым келмеген. Белгілі болғандай, ата-анасы үй шаруаларымен жүргенде ол көрші баламен ойнап, үйден тым алыстап кеткен екен. «Ұлымды тапқан полиция қызметкерлеріне үлкен рақмет! Жұмыстарыңызға табыс тілеймін», — деді Наталья Кудрявцева.

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде