jasqazaq.kz

ШҚО-да жантүршігерлік жол апатынан төрт адам қайтыс болды (видео)

26 маусым 2018, 15:48

ШҚО-да Тарбағатай мен Көкпекті аудандарының аралығындағы тас жолда адам шошырлық жол апаты болды. Екі көліктің соқтығысу салдарынан төрт адам мерт болды. Оқиғаның мән-жайы жайлы куәгерлер айтып берді. Бұл туралы altaynews.kz-ке сілтеме жасаған NUR.KZ.

Қайғылы апаттан тарбағатайлық такси жүргізушісі, екі әйел адам мен жүргізуші жігіт қайтыс болған.

Көз жұмған әйелдердің бірінің жанында жолдасы мен немересі отырған екен. Аман қалғандардың барлығы дерлік ауыр дене жарақаттарын алды.

«Жол апатында төрт адам көз жұмды. Екінші көліктегі жүргізуші зайсандық жігіт бас кезінде тірі болатын. Көліктен алып шыққан соң жан тапсырды. Артқы жақта Зайсанның жас қызы қауіпсіздік белдігін тақпай отыр екен, басы жарылып, аяғы сынған. Тағы бір жолаушының қолы, қабырғасы сыныпты. Бір бала аман, алдына сөмкесін ұстап отырған, рюкзактың арқасында тірі қалды», — деді Мейір есімді жол апатының куәгері.
Куәгерлердің айтуына қарағанда, жедел жәрдем бригадасы оқиға орнына екі сағаттан кейін жеткен.

Ескерту! Бейнежазбада адам психологиясына әсер ететін кадрлар кездеседі.

https://youtu.be/DT4TTst9u9w

23 қараша, 15:48
Үнді дипломаты: Қазақстанның сыртқы саясаты сындарлы әрі теңгерімді ұстаныммен ерекшеленеді
23 қараша, 15:30
Серікбай Жәңгірбаев: Су ресурстарын ұтымды пайдалану – экологиялық қауіпсіздік негізі
23 қараша, 14:22
Есірткіге қарсы ымырасыз күрес тоқтамайды
20 қараша, 13:54
Шыңғыс Оразалимов: Alem.Cloud ұлттық суперкомпьютері жасанды интеллект пен үлкен деректерді талдау жобаларына қызмет етуде
18 қараша, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді