jasqazaq.kz

ШҚО-да үй ауласынан ұрланған бала өлі табылды

01 қыркүйек 2020, 9:35

Шығыс Қазақстан облысында жоғалып кеткен жеті жасар Эдуард Жилиев өлі табылды.

Кеше кешкісін әлеуметтік желілерде қайғылы хабар тарады. Зубовск ауылының әкімі Владимир Морозов бұл ақпаратты растады.

Хабарлама түскеннен кейін бірден «Дабыл» жарияланып, баланы іздеуге барлық полиция қызметкерлері, еріктілер, сондай-ақ ауылдың тұрғындары жұмылдырылды.

Іздеу шаралары тоқтатылды, Зубовск ауылының маңында зорлық-зомбылық белгілері бар баланың денесі табылды, деп хабарлады ҚР Ішкі істер министрлігінің баспасөз қызметі.

Әстің мән-жайлары анықталып жатыр. Тәртіп сақшылары баламен соңғы рет бірге болған ауылдың тұрғынын ұстады. Аталған фактіге қатысты «Кісі өлтіру» бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Тергеу іс-шаралары барысында күдікті өз кінәсін мойындады, ол Алтай аудандық полиция бөлімшесінің уақытша ұстау изоляторына қамалды, — деді ШҚО ПД басшысы Сағат Мәдиев.

Алдында бала бұрыннан таныс Зубовск ауылының жергілікті тұрғыны, 19 жастағы жігітпен белгісіз жаққа кеткен деген ақпарат жарияланған.

zakon.kz

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде