jasqazaq.kz

ШҚО-да саунаға түскен Сұңғатов пен бірқатар полицей жұмыстан қуылды

16 ақпан 2021, 17:50

ШҚО Полиция департаментінің Өзіндік қауіпсіздік басқармасы ағымдағы жылдың 29 қаңтарында учаскелік полиция инспекторларының Семей қ. ПБ Орталық полиция бөлімі жергілікті полиция қызметі бөлімшесінің бастығы Р. Сұңғатовпен бірге Семей қаласындағы монша кешеніне бару фактісі бойынша қызметтік тергеу жүргізді. Бұл туралы ШҚО ПД баспасөз қызметіне сілтеме жасап zakon.kz хабарлайды.

Тексеру нәтижесіне сәйкес қызметтік тәртіпті бұзушылыққа жол бергені үшін Семей қ. ПБ Орталық полиция бөлімі жергілікті полиция қызметі бөлімшесінің бастығы Р.Сұңғатов атқарып отырған лауазымынан босатылды. Учаскелік полиция инспекторлары қатаң тәртіптік жауапкершілікке тартылды.

Сонымен қатар, өз міндеттерін адал атқармағаны және жеке құрамға бақылау жасамағаны үшін Семей қ. ПБ Орталық полиция бөлімінің бірқатар лауазымды тұлғалары атқарып отырған лауазымдарынан босатылды.

Монша кешенінде болған полиция қызметкерлеріне қатысты уәкілетті органға (ШҚО Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаментіне) санитарлық нормаларды сақтамағаны үшін аталған қызметкерлерді әкімшілік жауапқа тарту үшін тиісті материалдар жолданды.

Департамент басшылығы ШҚО ПД жеке құрамы арасында тәртіп пен заңдылықты сақтау бойынша қажетті шаралар қабылдауда, бұл бүгінгі күні басым бағыттарыдың бірі болып саналады. Бірде-бір қызметтік-жауынгерлік тәртіпті бұзушылық назардан тыс қалмайды. Қызметтік-жауынгерлік тәртіп бұзушылықтың әрбір фактісі бойынша мұқият тексеру жүргізіледі, кінәлі тұлғаларға және олардың басшыларына қатысты тәртіптік сипаттағы ең қатаң шаралар қабылданады.

18 қараша, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда
13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия