
Шығыс Қазақстан облысында Алтай аудандық полиция бөлімінің қызметкерлері тәртіптік жауапкершілікке тартылды, — деп хабарлайды YK-news.kz.
«Полиция департаменті өзіндік қауіпсіздік басқармасы сотқа дейінгі тергеу жүргізіп жатыр. Сонымен қатар, тәртіптік комиссияның шешімі бойынша, Алтай аудандық полиция бөлімінің бірқатар қызметкері мен басшылығы қатаң тәртіптік жауапкершілікке тартылды», — делінген ШҚО ПД хабарламасында. Естеріңізге салсақ, тамызда әлеуметтік желілерде Алтай қаласында мотоцикл жүргізушісін ұстау сәті түсірілген бейнеролик жарияланған еді. Кадрлардан полиция қызметкерінің жүргізушіні ұрғанын көруге болады.
https://youtu.be/C3re59-DhKk