jasqazaq.kz

ШҚО-да пойыз апатқа ұшырады

25 тамыз 2020, 16:12

Шығыс Қазақстан облысының Аягөз ауданына қарасты Жақсыбұлақ станциясында пойыздар соқтығысты.
«Қазақстан темір жолы» акционерлік қоғамы баспасөз қызметінің мәліметтеріне қарағанда, оқиға бүгін 08 сағат 15 минутта болған. Күшті желдің салдарынан стансада тұрған жүк вагондары өздігінен орындарынан қозғалып, сол сәтте келіп қалған №3471 жүк пойызымен соқтығысқан. Оқиға салдарынан локомотив пен 23 вагон рельстен шығып кеткен. Локомотивтен өрт шықты. Опат болғандар мен зардап шеккендер жоқ. Оқиға болған жерге Балқаш, Ақтоғай стансаларынан қалпына келтіру және өрт сөндіруші пойыздар жөнелтілді. Оқиғаның себеп-салдарын тексеру үшін арнайы комиссия жолға шықты. «Сонымен қатар оқиға салдарынан «Нұр-Сұлтан Нұрлы жол – Достық» қатынасындағы №54 пойызы кешікті. Аталған пойыз жолаушыларының жол жүру құжаттарында (билеттерде) көрсетілген межелі жерлеріне жетуі үшін автобустармен тасымалдау ұйымдастырылуда», — делінген Ұлттық компанияның хабарламасында.

ҚазАқпарат

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде