jasqazaq.kz

ШҚО-да пара алған әскери қызметкер шенінен айырылды

04 қазан 2017, 13:02

Шығыс Қазақстан облысында соты пара алған әскери қызметкерге үкім шығарды, деп хабарлайды ҚазАқпарат ҚР Әскери сотының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ұсынылған ақпараттарға сәйкес, Семей гарнизонының әскери сотында ШҚО қорғаныс істері жөніндегі департаменттің Бесқарағай аудандық қорғаныс істері бөлімі бастығына қатысты қылмыстық істің үкімі жарияланды. Қылмыстық істің фабуласы бойынша, айыпталушы өзінің қызметтік кабинетінде Е есімді азаматтан оның әкесі К-ның әскери билетін жедел әрі кедергісіз алып беру үшін 50 мың теңге көлемінде пара алған. Пара алғаннан кейін Д-ны сыбайлас жемқорлыққа қарсы құрылым қызметкерлері ұстады. Соттың шешімімен қорғаныс істері жөніндегі бөлім басшысы 50 мың теңге көлемінде пара алғаны үшін 2,5 млн теңге айыппұл төлей отырып, әскери атағынан айыру үкіміне кесілді. Сот барысында сотталушы кінәсін толықтай мойындады.

 

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде