
ШҚО-да өз үйінде әкесі мен ұлының денесі табылды, — деп хабарлайды Tengrinews.kz.
17 желтоқсанда Шығыс Қазақстан облысы Қатонқарағай ауданы Қабырға ауылында зорлықпен өлтіру белгілері бар 59 және 29 жастағы екі ер адамның мәйіті табылған. Қазір ҚР ҚК-нің 105-бабы (Өзiн-өзi өлтiруге дейiн жеткiзу) және 99-бабы (Адам өлтіру) баптары бойынша соталды тергеп-тексеру әрекеттері басталды.
Алдын ала болжам бойынша әкесі ұлына тіркелген аңшылық мылтықтан оқ жарақатын салған, одан ұлы қайтыс болған, содан кейін өз-өзіне қол жұмсаған. Қазіргі уақытта істің мән-жайын жан-жақты, толық және объективті зерттеуді қамтамасыз етуге бағытталған қажетті тергеу әрекеттері жүргізіләп жатыр. Сот сараптамалары тағайындалды.