jasqazaq.kz

ШҚО-да нотариус клиентінің пәтерін өз атына аударып алған

26 қараша 2021, 14:15

Шығыс Қазақстанда нотариус 24 жастағы әйелдің пәтерін өз атына аударып алған. Алаяқтықтың құрбаны болған әйел Алтай аудандық полиция бөлімшесіне шағым түсірген, деп хабарлайды Polisia.kz.

Ол өз шағымында 51 жастағы нотариусты жауапқа тартуды сұраған. 2020 жылдың 20 қарашасында, Жаңа Бұқтырма елді-мекенінде нотариус алдап-арбау жолымен оның пәтерін өз атына аударып алған.

Осылайша оған 4 400 000 теңге көлемінде шығын келтірген. Жедел-іздестіру шаралары барысында күдікті анықталды.

Зардап шеккен әйел пәтер құжаттарын тексерту үшін нотариустың қызметіне жүгінген. Әңгіме барысында ол қаржылай қиындыққа тап болғанын айтқан. Оған әйел қарыз ұсынып, кепіл келісім-шартын рәсімдеген.

Ай сайын қарыз өсімін төлеп отыруға міндеттелген әйелге оны өтемеген жағдайда пәтердің сатылымға қойылатынын айтқан.

Арада біраз уақыт өткен соң, пәтер иесі құжаттарын тексеріп, ақырында оның басқа адамның атына аударылғанын анықтаған.

Нотариус сату-сатып алу келісім-шартын рәсімдеген. Аталған факті бойынша ҚК-нің «Алаяқтық» 190 бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды. Ол бойынша, күдікті төрт жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін.

17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда
13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия
13 қараша, 15:06
Шымкентте жол-көлік инфрақұрылымын дамыту қарқынды жүріп жатыр