jasqazaq.kz

ШҚО-да марал атқан браконьер ұсталды

13 сәуiр 2022, 11:50

ШҚО-да марал атқан браконьер ұсталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Наурыз айының басында “Мал ұрлығы” жедел алдын алу іс-шарасы аясында Алтай ауданының ПБ учаскелік полиция инспекторы Бұқтырма су қоймасы Гладковск шығанағындағы Жаңа Бұқтырма кентінің тұрғынының басқаруындағы Mazda көлігін тоқтатты, көліктің жүк салғышында жабайы маралдың ұшасы табылды. Сондай-ақ, көліктен табылған жолаушыдан “ВПО 208л” тегіс ұңғылы аңшылық карабині тәркіленді.

Тергеу амалдары барысында ер адам досынан оны аң аулауға апарып келуін өтінген, аңшылық екі күнге созылды. Ұсталғанның айтуынша, аңға шыққан оларға Марал кездесіп, жануарды атып жарақаттаған. Алайда, жаралы жануар, аңшыдан қашқан. Мақсатына жете алмаған аңшы келесі күні қайта келіп, олжасының ізіне түскен. Бұқтырма су қоймасынан шамамен 15 шақырым жерде қаскөй атылған маралдың ұшасын тапқан. Сол жерден оны атылған жануармен бірге жоғарыда аталған танысы көлігімен алып қайтқан, үйлеріне қайтып бара жатқан оларды полицейлер тоқтатқан.

Жауап алынған 61 жастағы ер адам бұл аңды аулауға тыйым салынғанын біле тұра, заң бұзушылыққа барған.

Аталған факті бойынша ҚР ҚК-нің 337-бабы 1-бөлігі (Заңсыз аң аулау) бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде.

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде