jasqazaq.kz

ШҚО-да күдікті полиция бөлімінде мерт болды

19 қазан 2020, 16:33

Шығыс Қазақстан облысы Үржар ауданы Мақаншы ауылындағы полиция бөлімінде күдікті қайтыс болды. Азаптау дерегі бойынша іс қозғалды. Бұл туралы Tengrinews.kz хабарлайды. 

ШҚО полиция департаментінің баспасөз қызметіндегілер ведомство басшысы Сағат Мәдиев Мақаншыға келгенін айтты.

«Ішкі істер министрінің тапсырмасы бойынша жағдайдың мән-жайын анықтау үшін арнайы келді.

Мақаншы ауылындағы полиция бөлімінде 33 жастағы ер адамның қайтыс болғаны расталды, ол мал ұрлады деген күдікке ілінген», — дейді ШҚО ПД баспасөз қызметінің өкілдері.

Өңірде Сағат Мәдиев бастаған арнайы топ құрылды. Жеке қауіпсіздік басқармасы азаптау дерегі бойынша сотқа дейінгі тергеуді бастады, процессуалдық прокурорлар тобы тағайындалды.

«Барлық мән-жай мұқият тексеріледі. Қажет сараптамалар, соның ішінде, патологиялық сараптама жүргізілді, нәтижелері әзірге дайын емес.

Мен Үржар ауданының әкімімен бірге марқұмның туыстарына барып, оның достары мен жақындарының дәлелдемелерін тыңдап қайттым, олардың сұрағы қарастырылып жатыр. Марқұмның туыстары мен достарына тағы да қайғыра көңіл айтамын. Кінәлілер сөзсіз заңды түрде жазасын алады. Менің ұстанымым — объектив және әділ тергеу», — дейді ШҚО ПД басшысы.

Одан бөлек, әлеуметтік желіде оқиғаға байланысты болуы мүмкін видео жарияланды.

 

 

18 қараша, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда
13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия