jasqazaq.kz

ШҚО-да қос азаматтығы бар ресейлікке 300 мың теңге айыппұл салынды

21 ақпан 2022, 17:10

ШҚО-да қос азаматтығы бар ресейлік 300 мың теңге айыппұл төлейді, деп хабарлайды Polisia.kz.

Осы жылдың ақпан айының басында Шемонаиха ауданының полиция бөлімінің Көші-қон қызметінің қызметкерлері құжаттарды тексеру кезінде өткен жылдың желтоқсан айының басында Ресей Федерациясының азаматтығын алған және РФ азаматының төлқұжаты бар, Қазақстан аумағына кіру кезінде ҚР азаматының құжатын пайдаланған 55 жастағы ер адамнан қос азаматтық фактісі анықталды.

«Қазақстандық құжаттарды пайдаланғаны үшін ол ҚР ӘҚБтК-нің 496-бабы бойынша (Қазақстан Республикасының азаматтық туралы заңнамасын бұзу) 100 АЕК – 300 630 теңге сомасында айыппұл түрінде әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Шетелдікке қатысты Қазақстан Республикасының азаматтығынан айырылу тіркелді», – деді ШҚО ПД Көші-қон қызметі басқармасының бастығы Ербол Бекпаев.

ШҚО ПД көші-қон қызметі азаматтарға өзге елдің азаматтығын алған жағдайда Қазақстан Республикасының азаматтығынан шығуды уақтылы тіркеу қажет екенін ескертеді.

17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда
13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия
13 қараша, 15:06
Шымкентте жол-көлік инфрақұрылымын дамыту қарқынды жүріп жатыр