jasqazaq.kz

ШҚО-да қос азаматтығы бар 80 адам анықталды

06 қараша 2021, 10:42

Шығыс Қазақстан облысында жыл басынан бері қос азаматтықпен жүрген 80-нен астам адам анықталды, деп хабарлайды Stan.kz.

ШҚО Полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, көші-қон қызметі басқармасының мамандары қос азаматтық фактілерін анықтау бойынша тұрақты жұмыс жүргізуде. Биыл өңір аумағында қос азаматтығы бар 80-нен астам адам анықталған.

«Мәселен, 24 жастағы қыз осы жылдың мамыр айында Томск қаласында Ресей Федерациясының азаматтығын алған. Алайда сол уақыттан бері бұл туралы ҚР Ішкі істер органдарына хабардар етпеді. Сондай-ақ ҚР азаматының паспорты мен жеке куәлігін тапсырмаған. Сол үшін ҚР ӘҚБтК-нің 496-бабы бойынша әкімшілік жауапқа тартылған ол 200 АЕК мөлшерінде айыппұл төлеуге міндеттелді», — деді облыстық ПД бастығы Сағат Мәдиев.

Шетелдіктен ҚР азаматының жеке куәлігі мен паспорты алынды.

17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда
13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия
13 қараша, 15:06
Шымкентте жол-көлік инфрақұрылымын дамыту қарқынды жүріп жатыр