jasqazaq.kz

ШҚО-да есірткі сатумен айналысқан ағайынды үшеу ұсталды (Видео)

07 маусым 2021, 16:47

Шығыс Қазақстан облысында заңсыз айналымдағы есірткі заттарының жолын кесу бойынша арнайы операция барысында полиция назарына 35 пен 40 жас аралығындағы — үш ағайындыдан тұратын қылмыстық топ ілікті.

Ірі көлемде «гашиш» есірткі затын сапақ болған ағайынды үшеудің жоспары бұзылды. 27 мамырда аталған қылмыстық топтың барлық мүшесі ұсталды. Олардың әрқайсынан есірткі тәркіленді.

«Тінту барысында тәркіленген «гашиш» есірткі затының жалпы салмағы 10 келіні құрады, бұл екі мың рет қолданатын дозаға тең. Қазір күдіктілерге қатысты Қылмыстық кодекстің 297-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде, аталған қылмыс үшін 15 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы көзделген», — деді ШҚО Полиция департаментінің бастығы Сағат Мадиев.

Ұсталғандардың айтуынша, есірткі Өскеменге еліміздің оңтүстік өңірлерінен әкелінген. Қазір барлық мән-жайлар анықталуда, оларға тиісті құқықтық баға беріледі.

azattyq ruhy

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде