jasqazaq.kz

ШҚО-да екі күнде анықталған 13 мигрант ел аумағынан шығарылды

18 ақпан 2021, 17:39

Ағымдағы жылдың 15-19 ақпанында Шығыс Қазақстан облысында «Мигрант» жедел алдын алу іс-шарасы өткізілуде.

— 2 күн ішінде көші-қон заңнамасын бұзғаны үшін әкімшілік жауапкершілікке 87 шетел азаматтары (ҚР ӘҚБК-нің 517 бабы бойынша) тартылды, оның ішінде 13 – і Қазақстан аумағынан шығарылды, — деді ШҚО ПД КҚҚБ бастығы Ербол Бекпаев.
Шетел азаматтарының ҚР-да болуы туралы полиция органдарына уақтылы хабарламағаны үшін 94 қазақстандық әкімшілік жауапкершілікке тартылды (ҚР ӘҚБК-нің 518 бабы).

«Халықтың көші-қон туралы» Заңының 6-бабы 4-тармағына сәйкес қабылдаушы тұлғалар шетелдіктердің келуі туралы, олардың келген күнінен бастап үш жұмыс күн ішінде ішкі істер органдарын хабардар етуге міндетті.

Айта кетсек, уәкілетті органның рұқсатынсыз шетелдік азаматтарға еңбек қызметін жүзеге асырғаны үшін 8 жұмыс берушілер әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Мәселен, көші-қон қызметінің қызметкерлерімен заңсыз шетелдік жұмыс күшін тарту фактісі анықталды, онда жеке тұлға Өзбекстан Республикасының азаматтарын заңсыз тартқан. Көрсетілген бұзушылық үшін жеке тұлға ҚР ӘҚБК-нің 519 бабының 1 бөліміне сәйкес 30 АЕК айыппұл түріндегі, шетелдіктер ҚР ӘҚБК-нің 517 бабының 5 бөліміне сәйкес, шығарып жіберу түріндегі әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Сонымен қатар, Семей қаласында заңсыз көші-қонды ұйымдастырғаны үшін бір қылмыстық іс қозғалды. Криминалдық полиция қызметкерлерімен іздеуде жүрген ҚР азаматтары — 8 қылмыскер ұсталды. Сондай-ақ, іс-шара аясында 59 шетелдіктердің құқықтық мәртебесі реттелді.

Естеріңізге сала кетейік, шетелдіктерге, олардың рұқсат етілген мерзімдері өтіп кеткен болса, өзінің құқықтық мәртебесін реттеу үшін көші-қон қызметіне тұрғылықты жері бойынша баруы қажет.

zakon.kz

Бүгін, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда
13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия