jasqazaq.kz

ШҚО-да екі бала кәріз құдығына құлап, көз жұмды

16 маусым 2021, 10:53

ШҚО-да екі бала кәріз құдығына түсіп, көз жұмды, деп хабарлайды Stan.kz.

Шығыс Қазақстан облысының полиция департаментінің хабарлауынша, бірінші қайғылы оқиға Өскеменде 7 маусым күні болған. Сонымен қатар, 9 маусымда Глубоковский ауданында тағы бір бала құдыққа түсіп кеткен.

«Облыс орталығында үш жасар қыз аулада ойнап жүріп, кәріз құдығына түсіп кетті. Қыз бірден ана мен бала орталығына жеткізілді. Бірақ ол ауруханада көз жұмды», — деді ШҚО полиция департаменті.

Екі күннен кейін Глубоковский аудандық полиция бөліміне үш жастағы бала жергілікті жансақтау бөліміне жеткізілгені туралы хабарлама келіп түсті.

Үйдің артында ойнап жүрген бала, кәріздің қақпағын басып, құдыққа құлап кеткен. Нәтижесінде бала алған жарақаттарынан ауруханада қайтыс болды.

Бүгін, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда
13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия