jasqazaq.kz

ШҚО-да дәрігерді ауруханада атып кетті

20 ақпан 2018, 10:43

Тарбағатай ауданының орталығы Ақжар ауылында фельдшерді түнгі кезекте жүрген жерінен атып кетті. ҚазАқпарат хабарлағандай, оқиға 15 ақпан күні болған. Түнгі сағат 3:10-да түнгі кезегін өткізіп жатқан Рустам Ришатұлын бетперде киген адам атып кетеді.
Полиция қызметкерлері қылмыстың ізін суытпай, күдіктіні тұтқындаған. «Қылмысқа қатысты заттай дәлелдің бәрі алынды. Бетперде, мылтық пен қылмыс кезінде киген күрте сақтаулы тұр. Күдікті де Ақжар ауылының тумасы. 1974 жылы туған. Ауыр қылмыс болғандықтан, облыстық сотқа жолдаймыз. Әзірге тергеу жүргізіліп жатыр. Оның өзі 1-1,5 ай уақыт алуы мүмкін» — дейді Тарбағатай аудандық ішкі істер бөлімінің Ақжар полиция бөлімі басшысы Талғат Нұрмұханбетов. Қаза болған фельдшер 1989 жылы туғаны белгілі болып отыр. Үйінде ата-анасы мен аяғы ауыр әйелі қалған. «Күдіктінің үш баласы бар. Жұбайы Рустам Ришатұлы жұмыс істеген аурухананың меңгерушісі әрі гинеоколог дәрігері болып жұмыс істейді. Күдікті қылмысын мойындап отыр. Оның бұл әрекетке бару себебін тергеу құпияларына байланысты жариялай алмаймыз» — дейді полиция майоры.

 

 

Бүгін, 15:55
АЭС - таза энергияның сенімді көзі
Бүгін, 15:31
Басты міндет – төтенше жағдайдың алдын алу
23 қараша, 15:48
Үнді дипломаты: Қазақстанның сыртқы саясаты сындарлы әрі теңгерімді ұстаныммен ерекшеленеді
23 қараша, 15:30
Серікбай Жәңгірбаев: Су ресурстарын ұтымды пайдалану – экологиялық қауіпсіздік негізі
23 қараша, 14:22
Есірткіге қарсы ымырасыз күрес тоқтамайды
20 қараша, 13:54
Шыңғыс Оразалимов: Alem.Cloud ұлттық суперкомпьютері жасанды интеллект пен үлкен деректерді талдау жобаларына қызмет етуде
18 қараша, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды