jasqazaq.kz

ШҚО-да бір күнде жауған қардың қалыңдығы жарты метрден асты (Видео)

15 желтоқсан 2022, 11:49

Шығыс Қазақстан облысында бір күнде жауған қардың қалыңдығы жарты метрден асты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Шығыс Қазақстанда 13 желтоқсанда күні бойы толассыз қар жауды. Оның ішінде Өскеменде де таңертең басталған қар түн ортасына дейін жауған.

Қалада көліктер аулаларынан шыға алмай, автобустар кестеден кешікті. Жауған қар қалыңдығы жарты метрден асқан.

«Қазгидромет» РМК Шығыс Қазақстан облысы филиалының директоры Ляззат Болатханқызының айтуынша, ең қалың қар Марқакөл қорығы маңында түскен — 75 сантиметр.

Күршім ауданына қарасты Боран ауылында 56, Теректіде 49 сантиметрге жеткен. Самар ауданына қарасты ауылдарда — 34-40 сантиметр аралығында. Алтай қаласында 56, Катонқарағай ауданындағы Үлкен Нарын ауылында 40 сантиметр жауған.

«Өскеменде коммуналдық қызметтер тәулік бойы күшейтілген режимде жұмыс істеді. Таңертең қаладағы барлық тасжол ашық болды. Қарды тазалауға 86 арнайы техника мен 185 жұмысшы жұмылдырылған», — дейді қала әкімінің орынбасары Денис Федченко.

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде