jasqazaq.kz

ШҚО-да әскери борышын өтеп жүрген сарбаз көз жұмды (Видео)

09 қараша 2021, 13:58

Шығыс Қазақстан облысында әскери борышын өтеп жатқан сарбаз өз-өзіне қол салды. Үйіне оралуына 4 ай қалғанда 20 жастағы жігіттің мәйіті әскери қоймадан табылған. Аяқастынан болған қайғылы жағдайды естіген оның туыстары ес жия алмай отырған көрінеді, деп хабарлайды «Астана» телеарнасы.

Көкшетаулық Асылхан Қалияқбаров жарты жылдан астам уақыт бұрын әскерге кеткен. Отбасының кенжесі еді. Мерзімін аяқтап, үйге оралады деп күтіп отырғанда, баласының қаза тапқанын естіген ата-ана есеңгіреп қалды. Айтуларынша, оның мәйіті әскери қоймадан асылған күйінде табылған. Бірақ олар Асылхан өзін-өзі өлтірді дегенге сенбейді.

«Денесі, қабырғалары, құлағының тұсы көгерген. Құлағы ісіп кеткен. Көзі ашық қалған, қолы жұмылып қалған. Егер ол өзі істесе, өзін-өзі қалай ұрып-соғады? Бұл бір адамның қолынан келген нәрсе ме? Ол өзін-өзі өлтірді дегенге мен сенбеймін», — дейді марқұмның анасы Асылтас Қалияқбарова.

Ал апасы Жұмабике Жақсыбекованың айтуынша, Асылхан алғашқыда Алматыдағы әскери бөлімде болған, кейін Үржарға ауыстырылыпты. Содан кейін хабарсыз қалған көрінеді. Өмірге құштар еді, өзіне қол жұмсауы мүмкін емес дейді.

Әскерге сап-сау кеткен бозбаланың мәйітін отбасына офицерлердің өздері жеткізіп берген. Баласынан қапияда айрылып қалған ата-ана енді не істерін білмей отыр. Әскери бөлімшедегілер мардымды жауап бермейді дейді.

17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда
13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия
13 қараша, 15:06
Шымкентте жол-көлік инфрақұрылымын дамыту қарқынды жүріп жатыр