jasqazaq.kz

ШҚО-да әйел мен балаға қасқыр шапты

02 ақпан 2021, 12:13

Шығыс Қазақстан облысының Күршім ауданында ауылға кіріп кеткен қасқыр әйел мен балаға шапқан.

Оқиға 30 қаңтарда болған. Маралды ауылының тұрғыны Әсем Бейсұлтанова сарайға малдарын қамау үшін аулаға шыққан. Ұлы Жігер анасына көмектесіп жүрген. Кенеттен аулаға түз тағысы кіріп әйел мен балаға шабуыл жасаған.

Ауладағы айғайды естіп үй иесі жүгіріп шыққан. Қолындағы шөп жинауға арналған үшкір ағашпен қасқырды тоқтатып, Мұқан Бейсұлтанов жабайы аңды қолға түсірді.

«Жедел жәрдем шақырып, зардап шеккендер Күршім аудандық ауруханасына жеткізілді. Оларға алғашқы медициналық көмек көрсетілді. Әйелдің қолын тістеп алған, 8-сыныпта оқитын баланың аяғы жарақаттанған екен», — деді Күршім ауданы Маралды ауылдық округінің әкімі Фархат Өжікенов.

Оның айтуынша, зардап шеккендер қазір дәрігерлердің бақылауында. Қасқырдың көзі жойылып, арнайы мал қорымына көмілді. Жабайы жануардың басы сараптамаға жіберілген. Енді оның қандай да бір ауруы бар-жоғы анықталады.

Маралды ауылына қасқырдың келуі бірінші рет емес. Елді мекен басқа ауылдардан алыс орналасқан және үйлер мен үй ғимараттары тауларға жақын. Сондықтан аш жануарлар ауылға жиі кіріп кетеді.

Фархат Өжікеновтың айтуынша, таулар мен шатқалдардың көптігіне байланысты бұл жерде жануарларды ату қиын.

Tengrinews.kz

18 қараша, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда
13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия