jasqazaq.kz

ШҚО-да 92 жастағы кейуанаға қарақшылық шабуыл жасаған күдікті ұсталды

11 маусым 2021, 15:54

Шығыс Қазақстан облысы Риддер қаласында зейнеткерге қарақшылық шабуыл жасаған қаскөй ұсталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

ШҚО Полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, полицияға хабарласқан 92 жастағы кейуана пәтеріне терезе арқылы кірген белгісіз біреудің өзіне күш қолданып, ақша талап еткенін айтты. «Белгілі болғандай, қарт кісі үйде жалғыз тұрады. Құлағы дұрыс естімейтіндіктен, қылмыскердің ішке кіргенін байқамай да қалған. Өзінің арам пиғылын жүзеге асырмақ болған ер адам зейнеткерді тұншықтырып, одан ақша талап ете бастайды. Сол кезде кейуана есінен танып қалған. Амалы құрыған қылмыскер ізін суытқан», — деп хабарлады ведомство өкілдері. Хабар түсе салысымен оқиға орнына полиция қызметкерлері жетіп, іздеу жұмыстарына барлық жеке құрам жұмылдырылды. «Осындай кезде әр минут қымбат. Өйткені шабуылдаушы алысқа ұзап, тіпті қала аумағынан шығып кетуі мүмкін еді. Алайда тәртіп сақшыларының жедел іс-әрекеттері нәтижесінде ол қолға түсті. Қазіргі уақытта сот санкциясымен күдікті қамауға алынған. Оған қатысты ҚР ҚК-нің 192-бабы 3-бөлігіне сәйкес сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Ер адам 12 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін», — деді облыстық Полиция департаментінің бастығы Сағат Мәдиев. Өз кезегінде қарт кісі мен оның көршілері полицейлерге қылмысты ашып, қаскөйді ұстағандары үшін алғыс білдірді.

Бүгін, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда
13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия