jasqazaq.kz

ШҚО-да 900-ден астам синтетикалық есірткі дозасы тәркіленді (Видео)

02 маусым 2021, 16:18

Шығыс Қазақстан облысында 900-ден астам синтетикалық есірткі дозасы тәркіленіп, есірткіні жарнамалаушылар тобы және синтетикалық есірткіні жеткізуші ұсталды, деп хабарлайды Polisia.kz.

Шығыс Қазақстан облысының полицейлері бірқатар жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізді, оның нәтижесінде есірткіні насихаттау және жарнамалаумен айналысатын екі адам, сондай-ақ синтетикалық заттарды «қойып кетуді» жүзеге асырған ер адам ұсталды.​Тұрғын үй ғимараттарының сыртына есірткі таратуға қатысы бар интернет-дүкендер сайттарының аттарын жазу үшін Алтай ауданы Серебрянск қаласына арнайы келген Семей қаласының екі тұрғыны анықталды. Олар ешкімнің көзіне түспеу үшін тұрғын үйлерге сайт атауларын тәуліктің қараңғы уақытында жазған. Полиция қызметкерлері «жарнамашыларды» қылмыс үстінде ұстады, олардан бояу баллондары тәркіленіп алынды. Ұсталғандардың айтуы бойынша, осындай граффити суреттерді жазғандары үшін оларға әлеуметтік желі арқылы сөйлескен белгісіз адамдар белгілі бір ақша сомасын төлеуге уәде еткен. Енді табыстың орнына оларға қылмыстық жауапкершілікке тартылу қаупі төніп тұр.

31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде
22 шiлде, 19:06
Алматы: Өндірістік ауданда тұрғындар үшін жайлы орта қалыптасып келеді