jasqazaq.kz

ШҚО-да 40-тан астам көлік қар құрсауында қалды

08 қазан 2020, 14:05

Шығыс Қазақстан облысы «Өскемен-Риддер» тас жолындағы Михайловка және Секисовка ауылдарының маңында 40-тан астам автокөлік қар құрсауында қалған.

ШҚО Төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, бір көлік жолдан шығып кеткен. Оның ішінде 2 ересек адам мен 3 бала болды. Зардап шеккен ешкім жоқ. Глубокое аудандық Төтенше жағдайлар бөлімінің қызметкерлері осы көліктің жолаушыларын жедел түрде эвакуациялап, Быструха ауылындағы үйлеріне жеткізді.

«Сондай-ақ кептелісте тұрып қалған көлік жүргізушілері үшін вахталық автобус келді. Осылайша олар жолдың тазалануын іші кең автобуста күтті», — деп хабарлады ведомство өкілдері.

Естеріңізге сала кетейік, облыста қарлы боран мен көктайғақ болатыны туралы ауа райына байланысты ескерту алдын ала жарияланған болатын. Осы ретте, ШҚО ТЖД тұрғындарға аса қажеттіліксіз алыс жолға шықпауға кеңес береді.

ҚазАқпарат

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде