jasqazaq.kz

ШҚО-да 200 гектар жер өртеніп кетті

17 тамыз 2018, 13:04

Шығыс Қазақстанның Күршім ауданы мен Семей қаласының іргесінде 200 гектар жазық дала өртке оранды.

Күршім ауданындағы өрт кеше түс мезгілінде басталып, бүгін таңғы сағат 7-лер шамасында ауыздықталды. Қызыл жалынды ауыздықтауға жергілікті төтенше жағдай қызметінің 8 жауынгері мен 2 автоцистерна және ауыл Қырыққұдық елді мекенінің тұрғындары жұмылдырылған. Өрт 10 гектар жазықты қамтыды. Өрт сөндірушілер от шалған аумақты әлі бақылап отыр. Семей қаласының іргесіндегі Шекеман ауылында да 100 гектар алқап отқа оранды. Өрт ауылға 5 шақырымдай жерге жетіп сөнген. Таңғы сағат 5.00-де оның соңғы ошағы жойылды. «Өрттен зардап шеккендер жоқ. Егістік пен малға да зиян тимеген. Өрттің себептері анықталу үстінде» — дейді облыстық төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз хатшысы Анастасия Скляр.

ҚазАқпарат

23 қараша, 15:48
Үнді дипломаты: Қазақстанның сыртқы саясаты сындарлы әрі теңгерімді ұстаныммен ерекшеленеді
23 қараша, 15:30
Серікбай Жәңгірбаев: Су ресурстарын ұтымды пайдалану – экологиялық қауіпсіздік негізі
23 қараша, 14:22
Есірткіге қарсы ымырасыз күрес тоқтамайды
20 қараша, 13:54
Шыңғыс Оразалимов: Alem.Cloud ұлттық суперкомпьютері жасанды интеллект пен үлкен деректерді талдау жобаларына қызмет етуде
18 қараша, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді